bannerqaz

Мүтиғолла Насиханов

  • Исатай аудандық мәслихат аппараты мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссиясының 2019 жылғы 9 тамыздағы шешімімен Мүтиғолла Атоллаұлы Насиханов аудандық мәслихат аппаратының басшысы болып тағайындалды.

    Аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімдігі өкілдері мен мекеме ұжымы қатысқан басқосуда аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев аппараттың жаңа басшысын таныстырды. Өз сөзінде аудандық мәслихаттың билік пен бұқараны жалғайтын көпір іспетті жауапты мекеме екендігін айтып өткен ол жаңа аппарат басшысының бұрыннан да аудан өмірімен жете таныс, өңірдің тыныс-тіршілігімен етене араласып жүрген азамат ретінде мойнына жүктелген жұмысты абыроймен атқара алатынына сенім білдірді.

    Айта кетсек, Тәуелсіздік жылдарында білім беру саласында еңбек еткен Мүтиғолла Насиханов Тұщықұдық, Аққыстау ауылдық округтерінің әкімі, соңғы жылдары аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы болды.

    Аудандық мәслихаттың депутаты Аманжол Рахметов те өз құттықтауын жеткізіп, басшының жаңа жұмысына сәттілік тіледі. Жиын соңында сөз алған Мүтиғолла Насиханов басшылық сеніміне ризашылығын жеткізіп, қызметке дайын екендігін білдірді.

    Гүлдана ХАЙРУШЕВА

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz