шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Елімізде зейнетақы 2019 жылдың қаңтарынан бастап көбейеді

Елімізде зейнетақы 2019 жылдың қаңтарынан бастап көбейеді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова 2019 жылдың қаңтар айында ынтымақты зейнетақының индекстелетінін айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда зейнетақыны индекстеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын және жылдың басында жүзеге асырылады. Ол инфляциядан 2 процентке алдыда жүреді, биылғы жылы біз бұл көрсеткішті 9 процентке жеткіздік. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, индекстеу инфляцияның 2 процентімен қоса жүргізіледі» деді министр Парламент Мәжілісінде өткен жиыннан соң.

Оның сөзінше, базалық зейнетақының жаңа форматы оны 67 процентке көтеру дегенді білдіреді. «1 млн-ға жуық зейнеткер базалық зейнетақыны ең төменгі өмір сүру көрсеткішінен 100 процент көлемінде ала бастады. Яғни, базалық зейнетақы олар үшін екі есеге артты. Жалпы, зейнетақы базалық, ынтымақты және жинақтаушы болып үшке бөлінеді. Ынтымақты зейнетақыны біз инфляцияны негізге ала отырып, 2 процентке артығымен индекстейміз.

Ал, базалық зейнетақыны Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орташа алғанда 67 процентке арттырдық» деп түсіндірді министр. Сондай-ақ ол қазіргі таңда Қазақстандағы зейнетақының деңгейі көршілес мемлекеттер мен ТМД-ға мүше елдердің қай-қайсысынан да жоғары екендігін атап өтті. Оның айтуынша, елімізде зейнетақының орташа мөлшері 3 компонентті қоса алғанда 101 мың теңгені құрайды екен.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru