шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Саялы орын – саябақ

Саялы орын – саябақ

Тек аққыстаулықтар үшін ғана емес оның қонақтары үшін де саялы бір демалыс орны болғанға жетер не бар? Аудан орталығынан сондай бір орынның салынуы осы жылдың еншісіне бұйырыпты.

Бұл құрылыс (суретте) аудан орталығында «Исатай ауданы Аққыстау ауылындағы Егемен Қазақстан және Әбілхайыров көшелері бойындағы саябақты абаттандыру» жобасы бойынша қолға алынған. Тапсырыс беруші - аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, жоба құны - 188 160 000,0 теңге.

Жалпы көлемі 0,92 га аумақты алып жатқан саябақ құрылысымен мердігер мекеме – «Болат-Д» ЖШС айналысуда. Саябақтың кіретін тұсында төрт колонналы арка, орта тұсына шаңырақ орналастырылған. Саябақта көше жарығы, орындықтар, гүлдер, теректер орналасуы жоспарланған. Сонымен қатар, әртүрлі мүсіншелер орналастыру да жоспарда қарастырылған. Күні бүгін мердігер мекеме жұмысшылары қауырт қимыл танытып жатқан жоба, яғни, саябақ құрылысы ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Жоламан Дәулетияр

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru