шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Забурындағы застава Исатай батырдың атымен аталады

Забурындағы застава Исатай батырдың атымен аталады

Өткен бейсенбіде Забурын ауылдық округінде облыс әкімінің тікелей қолдауымен жүзеге асырылған Каспий теңізінің аумағында Мемлекеттік шекарамызды күзету тапсырмалары жүктелген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жағалау күзеті өңірлік басқармасы 2016 әскери бөліміне қарасты «Исатай батыр» шекара заставасының ашылу салтанаты өтті.

Еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап көршілес мемлекеттермен арадағы шекараны белгілеу шаралары мемлекетіміздің қалыптасуымен қатар жүргізілді. Қазіргі таңда нақты айқындалған шекарамызды қырағылықпен күзетудеміз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету Шекара қызметінің құрамалары мен бөлімдеріне жүктелгені белгілі. Сол себептен Мемлекеттік шекарамызды берік күзету мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның айғағындай, ауданнан тағы бір бөлімше ашылып отыр.

Аталмыш іс-шараға аудан әкімі Марат Мурзиев, 2016 әскери бөлімі командирінің орынбасары, подполковник Асқар Болатов және осы застава ғимаратын салған «КаспийМегаСтрой" ЖШС компаниясының директоры Арман Лекеров қатысты. Жаңа бөлімше болашақта Каспий теңізі бойынша шамамен 100 шақырым аумақты күзетеді. Жас әскери бөлімше командирі, застава бастығы болып капитан Бауыржан Құсайынов тағайындалды. Исатай мен Махамбеттей ұлы батыр бабаларымыз шыққан қасиетті өлкеде шекарамыздың беріктігіне бірлесіп атсалысу – бізге міндет. Ал, батыр атындағы жаңа шекара заставасының ашылуы бірлесіп атқарған жұмыстардың жемісі десек болғандай.

Аслан САЙЫН,

Жанбай шекара застава бастығының орынбасары, лейтенант

Суретті түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru