шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Сақтық шараларын ескерейік

Сақтық шараларын ескерейік

Міне, қыс айы да басталды. Су беті қата бастады. Мұндай да мұздың үстіне шығу өте қауіпті!

Бірақ, балалар оған мән бермей, хоккей, т.б. ойындар ойнайды, шанамен сырғанайды. Осы орайда ата-аналар балаларын бақылаусыз қалдырмауларын сұраймыз. Үлкендерде кейде автокөліктерімен мұздың үстінен жүруге тырысады. Бұл да өміріңізге қауіп төндіретінін еске саламыз. Сондықтан төмендегі ережелерді кім-кімде естерінде ұстап жүрулері керек.

- өзен құйылыстары мен ағынды суларда мұз осал, ағысы қатты жерлерде, ағаш, қамыс, бұталар өскен су аймақтарында өте әлсіз болады.

- мұздың қатқанын былай анықтауға болады: түсі көгілдір мұз-қатты, ақ түсті болса, сапасы өте төмен; егер сұр, ақшыл немесе сарғылт түсті мұз болса, ол әлсіз, мұндайда мұзға шығу өте қауіпті.

Егер суық суға абайсызда түсіп кетсеңіз, не істеу керек.

- сасқалақтамаңыз, шұғыл қимылдар жасамаңыз, бірқалыпты демалыңыз;

- қолыңызды жазып, денеңізді ағыс бағытына тіке қойып, мұздан ұстауға тырысыңыз;

- ақырындап кеудеңізді мұз үстіне шығарып, мұз үстіне шыққаннан кейін ақырындап жағаға қарай еңбектеңіз;

Егер сіздің көмегіңіз керек болса:

- кез келген ұзын таяқша, тақтайша, шыбық, жіпті қолданыңыз (шарфтарды, белбеулерді, керек жағдайда киімдерді байлап қолдануға болады);

- аяқпен қолды жан-жаққа созып, құтқару құралдарын алдынан итере отырып, мұз ойығына қарай еңбектеңіз;

- зардап шегушіні абайлап мұз үстіне шығарып алыңыз және қауіпті аймақтан бірге еңбектей отырып, келген жаққа қарай апарыңыз;

Зардап шеккен адамды жылы жерге әкеліп, су киімдерін шешіп, спирт жағып, қолыңызбен денесін тез шапшаң қимылмен уқалап, ыстық шай беріңіз. Ешқашан ішімдік бермеңіз. Өйткені, ол қан жүретін тамырларды кеңейтеді және одан дене температурасы түсіп, мұндай жағдайда кейде адамның талып қалуы да мүмкін.

Қайырғали УТЕШОВ,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау капитаны

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru