шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Өркен орта мектебінде қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Атырау облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігіне қарасты аудандық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті.

Оған қазақстандық салалық білім мен ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Атырау облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Сүндетұлы, заңгер Ю.Аманкелдіқызы, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Е.Махсотов, ардагер ұстаздар, мектептердегі кәсіподақ бастауыш ұйымының төрағалары мен төрайымдары қатысты.

Жиын барысында білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Атырау облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының төрайымы Қарлыға Дүзбаева сайланған мерзімдегі бастауыш кәсіподақ ұйымының атқарған жұмыстарының есебі, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында баяндама жасалды.

-Филиал құрамында 34 бастауыш кәсіподақ ұйымы, 1920 мүшесі бар. Есеп беру кезеңінде 4 бастауыш ұйымы қосылып, мүшелер саны 200 адаммен толықты. Филиал өз жұмыс жоспарын бір жылға жасап, жоспарға сәйкес филиалдың, қоғамдық бірлестіктің отырыстары, кәсіподақ белсенділерімен кездесулер ұйымдастырылып, тексеру комиссияларының есептері уақытылы тыңдалды» деді өз сөзінде филиал төрайымы.

Сонымен қатар, тексеру комиссиясының төрайымы Г.Маженова аудандық филиалының бастамасымен төрт жылға жуық уақыт ішінде шипажайларда 102 кәсіподақ мүшесі,20 бала демалғанын және мәдени-көпшілік шаралар тұрақты өткізілгенін айтып, оған жұмсалған қаржының есебін берді. Конференцияда бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрайымдары мен төрағалары Т.Қарабалина, Б.Темірова, А.Хайрошева, Қ.Сыдихова, облыстық пленум мүшесі Ж.Набиев жарыссөзге шығып, филиал жұмысына және тексеру комиссиясының есебіне қанағаттанарлық деген бағасын берсе, ардагер ұстаз Әлия Фазылова қазір қоғамда «Мұғалім мәртебесі» қызу талқыға түсіп жатқанын айта келіп, сынып жетекшілерінің еңбекақысын көтеру туралы өз ұсынысын жеткізді.

Бұдан кейін конференция делегаттарының дауыс беруі арқылы аудандық филиалдың төрайымы болып Қарлыға Дүзбаева қайтадан сайланды. Сондай-ақ, конференцияның жаңа құрамы, алдағы қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Атырау облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің конференциясына баратын делегаттар тізімі бекітілді.

Білім мен ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Атырау облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Сүндетұлы Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектепте қырық жылдан астам орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, жиырма бес жылға жуық бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болған, зейнеткер, ардагер ұстаз М.Дәулетқалиқызының кеудесіне «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тақса, бір топ кәсіподақ белсенділеріне облыстық кәсіподақтың Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарын табыстады.

Ал аудандық филиал төрайымы Қ.Дүзбаева облыстық және аудандық шараларды ұйымдастыруда «Ең үздік кәсіподақ шарасы» номинациясы бойынша I, II, III орындарға ие болған «Нұршуақ» балабақшасын, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп пен «Құлыншақ» балабақшасын, Новобогат орта мектебі мен Чапаев бастауыш мектебін дипломдармен марапаттады.

Аяпберген САЛИХОВ

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru