шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
"Нарын" - облыстық сайыс жүлдегері

"Нарын" - облыстық сайыс жүлдегері

Қаңтар айының аяғында Атырау облысындағы «Жастарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «APEC Petrotechnic» жоғары колледжі кітапханасында «Білім Ринг» интеллектуалды сайысының финалдық ойыны өткен болатын.

Бұл шараға аудан намысын қорғауға Азамат Халелұлы, Дидар Жеткінұлы, Ерсайын Сырымов, Иманбек Ғатауов сынды жастардан құралған «Нарын» командасы қатынасты. Жылыой, Мақат аудандары мен «APEC Petrotechnic» жоғары колледжі жастарынан құралған командалар арасында сынға түскен финалдық ойында «Нарын» командасы белсенділігімен, ой ұшқырлығымен, тапқырлығымен көзге түсіп, жүлделі 2-орынға ие болды.

Еске сала кетейік, бұл топ жарыстың аудандық кезеңінен іріктеліп алынған болатын. Бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда жастардың ой-өрісін дамыту мақсатында өткізілген шаралар әлі де жалғасын табады. Аудан намысын қорғайтын белсенді жастарымыз көп болғай.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru