шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Бұл – менің алғашқы жеңісім

Бұл – менің алғашқы жеңісім

Адамның ішкі сезімін жеткізу арқылы өз шеберлігін көрсету, бояу үйлесімділігі мен әсемдігін айыра білу – суретші үшін маңызды мәселе. Өз басым витражбен айналысқанымда осы факторларды назарда ұстап, жетекшіммен кеңесіп, ғаламтор арқылы қосымша дәрістер алып, суретті толықтыратын, ашып, айқындай түсетін тақырып таңдап, жұмысымның сәтті аяталған кездерін естен шығарған емеспін.

Ал, еңбегіңнің еш кетпегендігін көру, өз қолыңмен салынған суретіңнің мұражайда тұруы, марапат алып, ел алдына шығуың мерейіңді асырып жібереді екен.Сондай сәттердің бірі «Алтын қазына» атты көркем және сәндік қолданбалы балалар өнері сайысы болатын. Аталған республикалық байқаудан жүлделі үшінші орын алуым менің ғана емес, ата-анам мен мектебімнің, дәріс берген ұстазымның абыройын арттырды.

Жарыс көрмесіне барлығы 128 оқушының 350-ден астам жұмыстары қойылды. Үлкен зал еліміздің әр түкпірінен келген өнерлі балалардың дайындаған қолөнер бұйымдарына толды. Әсем бұйымдардың арасындағы витраждан салынған үлкен-үлкен суреттердің ішінде менің де туындыларым бар еді. Менімен бәсекелес болып тұрған бұл дүниелер бір жағынан шығармашылық шабыт беріп, ойымдағы ендігі дүниеге келетін суреттің сұлбасы мен жаңа тақырыбын тауып бергендей.

Жарыстың марапаттау сәті. Ішкі толқынысымды жасыра алар емеспін. Жігері құм болып, көз жастарына ерік беріп жатқан қатарластарымды көріп, «бастысы қатысу, жүлдеге шын мықтылар ғана ие болады» деген ой келе берді. «Жеңіс бар жерде – жеңіліс те бар, қатысып отырған алғашқы сайысың, жүлдесіз қалсаң, жасыма. Әлі де алар асуың алда екенін ұмытпа" деген» деген жетекшімнің кеңесі де біраз демеу болды. Ал, жүлделі үшінші орынды жеңіп алған сәттегі қуанышымды айтып жеткізу мүмкін емес.

Осылайша, жақсы жандармен танысып, Павлодар қаласында болып, жолшыбай елордамыз - Астана қаласын аралап қайтқан сапарымыз олжасыз болмады. Алған жүлдем үшін ата-анам, мектебім мен жетекшім ерекше қуанды. Жарыстың мақсаты Қазақстанның барлық өңіріндегі дарынды балаларды жинап, шын шеберлерді анықтау болатын. Солардың қатарынан табылу мен үшін де үлкен мақтаныш және бұл менің алғашқы жеңісім деп ойлаймын.

Мені дайындап, баптаған жетекшім А.Әбілқайырова өнердің бұл түрі бойынша шәкірт тәрбиелеп, сәндік қолданбалы өнерді дамытуға үлес қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Қорыта келе айтарым, біз – егемен еліміздің ертеңдеріміз. Сондықтан, бұл жауапкершілікті осы бастан сезіне білуіміз қажет деп есептеймін. Күні кеше ғана Елбасымыз салтанатты түрде ашқан биылғы Жастар жылы жастарды қолдай отыра, олардың мүмкіндіктерін білу, қарым-қабілеттерін байқауға арналғандай. Ал, ол не үшін керек десеңіз, бүгінгі біз секілді оқушылардың ертеңгі мамандық таңдауда жаңылмаған, өз ісінің шебері болуы үшін дер едім. Сол үшін бәріміз де еңбектенуіміз керек.

Зере ӘЛІБЕКҚЫЗЫ,

Х.Нәубетов атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы,

Суретті түсірген:

Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru