шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Жүзі жарқын азамат

Жүзі жарқын азамат

Қасиетті Нарын топырағында талай-талай жайсаңдар мен жампоздар дүниеге келіп, тұсауын кескен, алғашқы қадамын аттап, өмір-көшке ілескен. Жақсылық тұнған жаны тап-таза, аузынан әзілі, жүзінен күлкісі үзілмеген ер көңілді ардақты дос Насимуллин Ерболат Нәсиұлы – солардың бірі.

Ерболат дос кешегі ғасырдың елу төртінші жылының 12 қарашасында кәдімгі Мыңтөбе ауылында, малшы шаңырағында өмір есігін ашты. Бала Ерболаттың Жанбай ауылындағы В.Куйбышев атындағы орта мектептің бірінші сыныбы табалдырығын аттауы 1962 жыл. Ол уақыттағы малшы балаларының Махамбеттегі мектеп-интернатта оқымағаны некен-саяқ болар-ау. Сол лекте бұл да бар, алтыншы сыныптан бастап жеткілікті жатын орынмен қамтылған, басқа да жағдайлары жасалған аталмыш білім ордасында оқуын жалғастырды, 1972 жылы онжылдықты осыннан тамамдап шықты.

Қойнауы құпияға толы құмды өңірде туып, оның қыры мен сырын ұғынуға құштар болып өскен ұғымтал жас, көп ойланбастан, сол жылы Гурьев педагогикалық институтының тарих-филология факультетіне құжаттарын өткізді де, 1976 жылы осыннан мұғалім деген мәртебелі мамандық иесі атанып шықты. Сол жылы Мақат ауданының Сағыз сегізжылдық мектебінде алғашқы еңбек жолы басталды. Қазір ойлап отырса, содан берідегі ұлағатты ұстаздық қызметі өзін өзгелерге танытыпты.

Иә, сол Сағыздан сабақталған еңбек жолы Аққыстау, Абай атындағы орта мектептерде жалғасты. Жаза салуға жеңіл ғой, арасында екі жыл Семей қаласындағы артиллериялық полкте әскери қызметін абыройлы атқарып оралған оның ондаған жылдарға жалғасқан осы ұстаздық қызметі ұдайы ізденіспен өтіпті. Оны өзі де осы күндері анық аңдағандай болады.

О бастан қабілетті, парасат-пайымы мол азамат тарих пәнімен қатар дене тәрбиесі, сурет, еңбек пәндерінен де дәріс бергені бар. Аудандағы маңдайалды мықты тарихшылардың бірі танылған Ерекең 1991 жылы Исатай Тайманұлы атындағы мұражай ашылғанда оған түрлі экспонаттар жинақтауға үлкен үлес қосты. Ілкіде ұстаз, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, оқу ісі меңгерушісі, кейін мектеп директоры да болып тер төккен Аққыстау орта мектебіндегі мектеп мұражайын жасақтауға мұрындық болған да өзі. Ал, ауданда өткен тарихи тақырыптағы конференцияларда арнайы баяндамалар жасап, онысы жоғары бағаланып келгенін де ұстаздың ізденімпаздық қырының бір дәлелі десек жарасады. Сондай-ақ, тарих пәнінен дайындаған шәкірттері аудандық, облыстық пәндік олимпиадаларда алдыңғы лектен көрінуі де көп жайттан хабар берсе керек.

Толығырақ газетіміздің №8 санынан оқи аласыздар

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru