шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Жастар – жарқын болашақ кепілі

Жастар – жарқын болашақ кепілі

Еліміз тәуелсіздік алған тұстан бастап жастар мәселесін, олардың сапалы білім алып, ғылыммен айналысуына, тұрақты жұмыспен қамтылып, баспаналы болуына және жеке кәсіптерін ашып, ел экономикасының дамуына үлес қосуына жағдай жасауға басымдықтар беріп, үнемі басты назарда ұстап келеді.

Бұның куәсі - «Болашақ», «Дипломмен ауылға», «Жасыл Ел», «Жастар тәжірибесі» сияқты бағдарламалар арқылы жастар әлеуетінің көтерілуі. Ал, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларындағы міндеттерді жүзеге асыру барысында негізгі рөлді жастарға бөліп қарастыруы - оларға артқан үлкен сенім деп білемін. Осы үлкен сенімді сезіне білген жастарымызға 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы олар үшін үлкен серпіліс болды. Осы Жастар жылында «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында инфрақұрылымды дамытып, жергілікті жерлердің кадрлық әлеуетін күшейту керектігін, осыған орай «Дипломмен ауылға» бағдарламасына енгізілген мамандықтардың тізімін кеңейтуге ұсыныс бергендігі мені ерекше қуантты. Бұл дегеніміз - алдағы уақытта ауылдық жерлерге әр түрлі салада білікті мамандар келіп, оларға толық жағдай жасалады деген сөз. Осы орайда жас отбасыларды мемлекет тарапынан қолдау туралы бастама да ауданымыздың жас отбасыларына үлкен қуаныш сыйлайды деп білемін.

Қазақтың біртуар батыры Бауыржан Момышұлының «Жиырма жас - тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған әрқашан да әзір болу керек» деген сөзі жастардың жаңашылдыққа, өзіндік бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мол мүмкіндігі бар екендігін көрсетеді.

Осы орайда аудандық «Жастар ресурстық орталығы» барлық санаттағы жастар үшін есігін айқара ашып, жаңа идеялар мен ұсыныс, тілектеріңізді тыңдауға асық. Барлық аудан жастарын бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз. Олай болса Жастар жылы жаңалыққа бастар жыл болып, жарқын болашаққа жол ашсын деген тілегім бар.

Ринат Есқали,

аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru