шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Аудан әкімі аппаратының жаңа басшысы

Аудан әкімі аппаратының жаңа басшысы

Аудан әкімі М.Мурзиевтің 2018 жылғы 10 қазандағы №253 өкімімен Ғұмаров Дархан Ізғалиұлы аудан әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Д.Ғұмаров 1986 жылы Жанбай ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2004 жылы Қ.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Мұнай-газ ісі», 2011 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Индустрия және өнеркәсіп салаларын дамыту бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2009-2014 жылдары облыс әкімі аппараты ішкі бақылау бөлімінің бас маманы, облыс әкімінің орталық мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау мәселесі жөніндегі кеңесшісі, облыс әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау бөлімінің бас маманы, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, облыс әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі лауазымдарын атқарған. 2014-2017 жылдары Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Атырау қаласы филиалының директоры, 2017-2018 жылдары Атырау облысы Әділет департаменті Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы, 2018 жылдың сәуір-қазан айларында Құлсары қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru