шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
«Алтын тұғыр» -  аудандық кітапханада

«Алтын тұғыр» - аудандық кітапханада

Кітап оқу мен кітаптарды қолдану - қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екенін ескере отырып, біздің аудандық орталық кітапханасы да жылда «Оқырман сыйы» шарасын ұйымдастыруды дәстүрлі қолға алып отыр.

Мұндағы мақсат – сыйгерлердің өз қолымен тапсырған өлкемізді дәріптеудегі шығып жатқан құнды басылымдарды оқырмандарға ұсына отырып, олардың рухани дүниесін байыту, оқырман мен кітапхана байланысын нығайту.

Бүгінде өткізілген осындай игі шаралардың бірі - «Ауылым - алтын тұғырым» шығармашылық бәйгесінде үздік танылған поэзия, проза, драматургия жанрындағы туындылар енгізілген «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қолдауымен жарық көрген «Алтын тұғыр» үш томдық жинағы «Ауыл» партиясының бастамасымен кітапханамызға сыйға тартылуы. Бұл қалыптасқан үрдістердің жалғасындай болды. Алматы қаласы, «Нұрлы Әлем» баспасынан 2018 жылы шыққан бұл үш томдық шығармалар жинағын аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары бөлімінің басшысы, аудандық «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының аудандық филиалының төрағасы Болатбек Сисатов сыйға тартқан болатын. Шығармаға шолу жасай отырып байқағанымыз – басылымдардың 1-ші томдығы поэзия саласын қамтуы. Онда ақындардың ауыл тақырыбын арқау еткен жырларынан туған жеріне, ауылдағы алаңсыз тірлікке, ақкөңіл ағайынға, тіпті көшпелі өмірдің көрікті сәттеріне сағынышты сезінуге болады. Ал, проза, драма саласын қамтығын 2-ші, 3-ші томдығындағы қазақ даласының, қазақ ауылының келбетін көркем тілмен шырайлы кестелей білген қаламгерлердің шығармалары еркін ойлы оқырмандарды бей-жай қалдырмаса керек. Ендеше, оқырман, сіз де жаңа басылымнан құр қалмаңыз. Келіңіз, танысыңыз, оқыңыз, басылым саны шектеулі.

Маусым НӘУБЕТҚЫЗЫ, аудандық орталық кітапхана библиографы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru