шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Менингококтен сақтаныңыз!

Менингококтен сақтаныңыз!

Менингококк инфекциясы – ауруды тасымалдаушы, назофарингит (мұрын мен жұтқыншақтың қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисі (қанның зарарлануы) секілді түрлі клиникалық белгілері бар бактериялар қоздыратын жіті жұқпалы ауру.

Инфекция көзі бактерия тасымалдаушылар болып табылады. Оларда аурудың ешқандай клиникалық көріністері болмайды.

Жұқпа қалай тарайды? Менингококк бактериясының 12 түрі бар. Олардың 6-уы адам өміріне қауіпті. Берілу жолы – ауа-тамшылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде). Менингококк қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз. Микроб сау адамның ағзасына науқас адам немесе тасымалдаушымен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болғанда тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді. Жұққан сәттен бастап 1-10 күн аралығында сырқат пайда болады. Сырқат адам қоршаған адамдарға бірінші күннен бастап қауіпті. Белгілері: бастың қатты ауыруы, сәбилерде кенеттен қатты жылау болады. Сонымен қатар, тағам қабылдау кезінде көп рет құсу болады. Ерте жастағы балаларда құрысулар дамиды. Менингококты менингитпен ауырған бала бүгілген тізесін қолымен денесіне апарып, қырымен жатады. Басын төсіне қарай бүгу әрекетін жасау кезінде мойын және шүйде бұлшық еттерінің қарсыласуы болады. Егерде иммундық жүйесі төмендеген болса, микроб ары қарай қанға өтіп, аяқта, жамбаста, дененің қырында жұлдыз тәрізді, басқанда жоғалмайтын қызыл (көгерген) бөртпелер пайда болады. Ары қарай бүйректің зақымдалуымен, бас миының қабынуымен, инфекциялық-токсикалық шокпен, ауыр жағдайда өліммен аяқталатын менингококты инфекцияның ең ауыр түрі - менингококты сепсис дамиды.

Менингококк инфекциясы науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан және аурудың асқынуынан өлімге апару мүмкіндігінің жоғары болуымен қауіпті. Одан аман қалған әрбір бесінші адамды өмірінің соңына дейін сіңірдің тартылуы, аяқ-қолдың қозғалмауы, бүйрек аурулары, кереңдік және ақыл-естің кемістігі тәрізді шектеулер мазалайды деп есептелінеді.

Аурудың алдын алу үшін мынадай ережелерді сақтаған жөн:

– аурудың алғашқы белгілері (тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бастың қатты ауруы, әлсіздік) пайда болған кезде дәрігерге көріну және басқа нұсқауларын орындау;

– түрлі мәдени-бұқаралық шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне баруды,ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке тазалықты сақтау;

– ғимараттарды жиі желдетіп, күн сайын ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;

– созылмалы инфекция ошақтары ЛОР ағзаларын тазалау;

– тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу;

– мұздаудан, ашығудан, ұйқының қанбауынан, күйзелістен аулақ болу.

Жазира ЕСМУРЗИНА,

дәрігер эпидемиолог

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru