шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Алаш жұрты Астанамен мақтанады

Алаш жұрты Астанамен мақтанады

Астана уақыт ағысындағы Қазақстан атты бұлақтың бастауы іспетті. Бүгінде оның сырт келбеті мен ішкі көрінісі бүкіл облыс орталықтары соған қарап, бой түзейтіндей дәрежеге жетті.

Арқаның төрін, сылдырап аққан ерке Есілдің жағалауын қоныстанған сол айбынды Астанамыз 20 жасқа толды.

Жиырма жыл бұрын іргесі қаланған Астана қазіргі таңда жас шыбықтай жайқалып, қазақтың қадірлі xалқын баурап алды. Өзіне ағылған ұлы көшпен ілесе жеткендердің мерейлі мекеніне айналды. Бір түп талдың өзі аса баптауды қажет етсе, етегі кеңге жайылған елорда –Елбасымыздың сындарлы саясатының жарқын бір нәтижесі десек жарасымды.

Астанамызды айдындандыра түсу - келешек ұрпақтың межелеген міндеті. Қазір де Астананың көркеюіне бір тамшы үлесімді қоссам деген асқақ арманмен ауылынан ат арытып келетін жастар қатары күн санап артуда. «Көп түкірсе - көл» дегендей, елордамыз өзге жұрттардың төрт құбыласы тең қалалары қатарына қосылды. Тың жаңалықтарымен қуантып отыратын Астанаға екі рет жолым түсті. Бірде "Балдәурен" лагеріне демалуға, екіншісінде "Ана мен бала орталығына" ем алуға барған болатынмын. Ару Астанамыздың көрсе көз тоймайтын көрікті, көздің жауын алар заңғар ғимараттарына сөз жетпейді, оданда көз жеткізгеніміз дұрыс. «Бәйтеректі» аңқылдап жүріп араладым. «Нұр Астана» мешітіне барып, дұға еттім. Шетелмен пара-пар озық теxника, тысқа шықсаң серуендеуге қолайлы қоңыржай табиғат. Елордадағы аталған орталықтың тәжірибелі мамандарының қолынан ем алып, бір марқайып қалдым. Астана биік белесімен бағалы,жүректе мың саты жоғары. Көкірегімізді керіп, отаншыл сезіммен айтуға әбден лайық жемісті жетістігі – "EXPO-2017" xалықаралық көрмесінің осында өтуі. Бұл жоба елімізді әйгілі етіп қоймай, жас өнертапқыш замандастарымның бағын ашты. Әр ел ұлттық болмысын,ұлттық идеясын паш етті. Иә, Алаш жұрты Астанасын мақтан тұтады.

Ақбөбек ҚАДЫРЖАНОВА,

Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектептің түлегі, «Алтын белгі» иегері

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru