шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Гепатит – қауіпті ауру

Гепатит – қауіпті ауру

А вирусты гепатит инфекциясының алдын алу күніне орай республика көлемінде 2018 жылдың 17 қыркүйек – 17 қазан аралығында «Вирусты гепатит А инфекциясын алдын алу» ұранымен айлық өткізілді.

Аталмыш айлық аясында аудандық орталық ауруханамен бірлескен бұйрық шығарылып, бұйрыққа сәйкес гепатиттен қорғану мен сақтануды насихаттауға, аурудың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жоспары жасақталды. Іс-шара жоспарына сәйкес аудан көлеміндегі мектептер, балабақшалар ұжымдарына, тәрбиеленушілеріне Вирусты гепатит инфекциясы және оның алдын алу жағдайы туралы түсінік беріліп, дәрістер оқылып, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Әрине, вирусты гепатит немесе сары ауру жөнінде әркім де білгені абзал. Ендеше, ол қалай таралады, қайтіп қорғануға болады?

Вирусты гепатит немесе сары ауру бір адамнан екінші адамға тұрмыстағы ластанған заттар, қол, су, тағам өнімдері арқылы беріледі. А вирусты гепатиттің негізгі белгілері: науқастың іші, оң жақ қабырға асты ауырсынады. Дене қызуы 37-38°С көтеріліп, бас ауруы мазалайды. Бұл кезде адамның терісіне, кейде көздеріне де сары түс береді, несеп қоңыр түсті, ал нәжіс түссіз болады. Гепатит көп жағдайларда симптомсыз өтеді немесе басқа аурулардың симптомдарына ұқсас келетіндіктен, диаг-нозды дер кезінде қою қиын. Сонысымен гепатит қауіпті ауру саналады. Асқынуының салдарынан бауыр циррозы, бауыр ісігі, фиброз сияқты қауіпті ауруларға алып келеді. Мұны жасырын инкубациялық кезең деп атайды. Дәл осы кезеңде дәрігерге қаралып, ал дәрігер зерттеу тәсілдерінің көмегімен диагнозды дұрыс қою аясында ем беріп, режим диета сақталса, асқынудың алдын алуға болады.

Науқас жеке бас гигенасын және қоғамдық гигиенаны сақтауы керек:

Әр 6-10 жылда екпе салдыру;

Тамақтану алдында қолды жуу;

Жеке гигиенаны қатаң сақтау;

Өзгенің жеке гигиеналық заттарын пайдаланбау;

Пайдаланар алдында азық-түліктерді жуу;

Лас су қоймаларында шомылмау (әсіресе, денеде кесілген, тырналған жаралар болса);

Сәбилердің жаялықтарын таза жерде ауыстыру;

Тұрғын мекенін аптасына кемінде 2 рет тазалау;

Әдепсіз жыныстық қатынасқа түспеу;

Дәрумендер мен микроэлементтерге бай тағамдарды пайдалану; З

иянды әдеттерден арылу; Өзге елге саяхаттар алдында ол жақтың эпидемиялық жағдайын біліп алу, т.б.

Сондай-ақ, тіс емханаларында ем қабылдау кезінде, татуировка жасау сәтінде өте абай болған жөн. Өйткені, аурудың бұл түрі қан арқылы созылмалы ауруға айналып, бауырдың қабынуына әкеліп соғады. Сол себептен алдын ала сақтық шараларын үнемі жасап, дәрігермен жиі кеңесіп, өз денсаулығыңызды күткеніңіз жөн. Денсаулық – басты байлық екенін ұмытпайық.

Айба УЛДАНОВА, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru