шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Көшпелі көрме қорытындыланды

Көшпелі көрме қорытындыланды

Қыркүйек айының 18-і күні басталған облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейіндегі «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі қор көрмесін ауданымыз қорытындылады.

Кітапхана жинақтары негізінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тәуелсіз Қазақстанның тарихи өміріндегі рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсетуге негізделген көрмеде көрермендер назарына Елбасы кітапханасының архив, кітапхана, музей қорларының материалдары ұсынылды. Алғаш рет Атырау жұртшылығының назарына Н. Ә. Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградаларының бірегей жинағы, мемлекет басшылары және қазақстандық авторлар тарту еткен қолтаңбасы бар кітаптар, сонымен қатар ел Президентінің шет тілдерге аударылған еңбектері ұсынылды.

Көрме «Елбасы жолы», «Елбасы феномені», «Әлем таныған Елбасы», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты төрт бөлімнен тұрды. Ондағы материалдармен таныстырған музейдің ғылыми қызметкері Динара Есқазиева көрме экспозициясы негізінде шолу экскурсияларынан басқа «Тарихи таңдау», «Атамекен», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыптық экскурсияларын жүргізді. Экскурсиялар түрлі санаттағы – балабақша тәрбиеленушілері, оқушылар мен студенттер секілді келушілерге арналды.

Ауданымызға бөлінген екі күндік көрмені 7 мың 500-ге жуық исатайлық тамашалады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru