шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Бес рет бас жүлде алыппыз

Бес рет бас жүлде алыппыз

Жыл ішінде ауданда мәдени қызмет көрсететін мемлекеттік жүйедегі 30 мәдениет мекемесі жұмыс жасады.

Жеті ауылдық округке қарасты 16 елді мекеннің бәрі кітапханамен қамтылған. Осы жылы Х.Ерғалиев ауылындағы мәдениет үйі жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Жылжымалы клубтар шалғай ауылдар тұрғындарын жоспарға сай аралап, түрлі мәдени шаралар, концерттік бағдарламалар ұсынды. Ауданның мәдениет саласында 105 адам, аудан кітапханаларында 26 кітапханашы еңбек етуде. Ит жылында аудан бойынша 447 мәдени шара өтіп, оған барлығы 53252 көрермен қатысқан.

Астананың 20 жылдығына және ауданның құрылғанына 90 жыл толуына орай барлық ауылдық округтерде «Ауыл күндері» ұйымдастырылды. Аудан орталығында «Тәуелсіздікпен нұрланған өңір» атты салтанатты жиын, орталық алаңда театрландырылған көрініс, «Тасгран» бәйге алаңында ат бәйгесі өтті.

Биыл тұңғыш рет өткен «Домбыра күніне» орай «Сайра, бұлбұл домбыра» атты аудандық шара болып, оған жыршы-термешілер, күйшілер, оркестр ұжымдары қатысты. Бірінші рет ұйымдастырылған «Әжелер салған әндер-ай» өнер фестивалінде 8 әжелер ансамблі өнер көрсетті.

Жыл ішінде аудан өнерпаздары 14 облыстық, 8 республикалық-аймақтық, 1 Халықаралық байқау, сайыс-тарына қатысып, 5 бас жүлде, 10 бірінші, 2 екінші, 4 үшінші орындар иеленіп, өнер биігінен көрінді.

2018 жылы ауылдастарға Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы концерт ұсынса, Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты А.Қоразбаев рухани кеш сыйлады. Сәуір айында биші Г.Талпақованың 70 жылдығына орай «Би қанатында» аудандық би фестивалі, маусымда ауданның Құрметті азаматы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері С.Ахметжановтың бақилық болғанына 10 жыл толуына орай еске алу шарасы, қарашада жазушы З.Ахметовамен кездесу кеші, желтоқсанда Атырау облысының, Индер, Махамбет, Исатай аудандарының Құрметті азаматы Қ.Ризуановтың 80 жылдығына арналған кештер ұйымдастырылды.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru