шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Тәртіп – офицерге де, солдатқа да ортақ

Тәртіп – офицерге де, солдатқа да ортақ

Әйгілі даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз – ел болмайды» деген сөзі бар.

Жалпы тәртіп мәселесі қай қоғамда да маңызды мәселе болып саналады. Бұл жөнінде Елбасының Жолдауларында да ерекше атап көрсетілген.

Биылғы жылдан бастап Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексі күшіне енген болатын. Осы Кодекстің 6-бөлігінде бұйрыққа бағынбау немесе бұйрықты орындаудан ашықтан-ашық бас тарту фактісі кездессе, әскери қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы айтылған.

Ағымдағы жылдың 23 қазанында Батыс аймағының әскери прокуратурасының прокуроры, Әділет аға лейтенанты Г.Умирбековтың, Атырау қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы С.Қожахметованың төрағалық етуімен «Р» санды әскери бөлімінің ғимаратында ашық сот отырысы өткізілді. Отырыста «Р» санды әскери бөлімінің офицері ҚР ӘҚБтК 652-бабы 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, № 2312-18-00-3/7961 қаулысымен оған жаза ретінде жиырма бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде 42088 теңге айыппұл салынды.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Батыс аймағы әскери прокуратуасының прокуроры, әділет аға лейтенанты Г.Умирбеков пен Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы С.Қожахметова жоғарыдағы аталған әскери бөлімшенің жеке құрамындағы әскери қызметшілермен кездесіп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы түсініктеме берді.

Бақтияр ДӘУРЕНҚҰЛОВ,

Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің офицері

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru