шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Басты мақсат – заң үстемдігін қамтамасыз ету

Басты мақсат – заң үстемдігін қамтамасыз ету

Жыл сайын 6 желтоқсан күні Қазақстан прокуратурасы қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Жалпы еліміздегі мемлекеттік прокуратура қызметі 1922 жылдан бастап Әділет ұлттық комиссариатының құрамында жұмыс істей бастады. 1933 жылы прокуратураның құзыреті кеңейтіліп, Әділет ұлттық комиссариатының жанынан прокуратура басқармасы құрылды. Қазақстан өз Тәуелсіздігін алғаннан кейін прокуратураның құрылымы мен қызметі өзгерді, дегенмен, оның қызметінің бас- ты бағыты ел заңдарының орындалуына бақылау жүргізу болып қала берді. 1991 жылдың 6 желтоқсанында «ҚазақКСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың дербестігін және тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулы қабылданды. Осы датаға орай күнтізбеде жаңа мереке - прокуратура органдарының құрылған күні пайда болды. Атаулы кәсіби мерекеге орай құзыретті саланың ағымдағы жылы атқарған қызметі туралы аудан прокуроры Хисметуллин Ерлан Уалитханұлымен тілдескен болатынбыз.

- Ерлан Уалитханұлы, Сіз басқаратын мекеме мемлекеттік жоғарғы қадағалаушы орган болып табылатындықтан, барлық салада да өз бақылауын жүргізетіні анық. Олай болса ауданымызда бүгінгі күні тіркеліп, ашылған немесе жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жөнінде айтсаңыз.

- 2018 жылдың 10 айында Исатай ауданы бойынша барлығы 98 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе де, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,0 пайызға төмендегені сезіледі. Оның ішінде ауыр санатты-2, ауырлығы орташа-54, онша ауыр емес-18, теріс қылық-24. Тіркелген қылмыстарды баптарына бөлер болсақ: денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру-1, зорлау-1, алаяқтық-3, тонау-2, ұрлық-40, бұзақылық-3, есірткі - 1, автокөлікті немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу-3, балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу-15, өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу -6 фактісін құрап отыр.

- Прокуратура органдарының қызметі тек қылмыстық атқару жүйесін емес, сонымен бірге ауданның әлеуметтік-экономикалық саласына да жалпы бақылау жасайтынын бәріміз білеміз. Ендеше, осы бағыт бойынша атқарған жұмыстарыңызға талдау жасап көрсек.

- Аудандық прокуратура жыл басынан бері 5 (2017 жылдың 9 айында-3) тексеру жүргізіп, 146 заң бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, 12 рет наразылық келтіріп, қанағаттандырылды. Сонымен бірге 30 ұсынулар қаралып, 28 заңсыз актінің және 136 әкімшілік қаулылардың күші жойылды және өзгертілді. Прокурорлық ықпал ету актілерінің қаралу нәтижесімен 63 тұлға тәртіптік, 26 әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3963 азаматтың құқықтары қорғалды, оның ішінде 273 адамның Конституциялық құқықтары қорғалды. 15 миллион 246 мың теңге зиян өндіріліп, оның ішінде мемлекет пайдасына және бюджетке 14 миллион 224 мың теңге кіріс кіргізілді.

Аудандық прокуратураның араласуымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 7 бала тұрғын үй кезегіне есепке қойылып, олардың конституциялық құқықтары қорғалып, аудандық білім беру бөлімнің бас маманы «ескерту» түріндегі тәріптік жауапкершілікке тартылды. «Потенциал Ойл» ЖШС-мен жер қойнауын заңсыз қазу және пайдалану анықталып, бюджетке 3 миллион 832 мың теңге қоршаған ортаға залал есептелініп, заңды тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабымен 1 миллион 202 мың теңге айыппұл салынды. Мемлекеттік сатып алу саласында 3 миллион 901 мың теңгенің заң бұзу фактілері анықталып, оның бюджетке 1 миллион 292 мың теңгесі нақты түсті. Аудандық құрылыс бөлімінің басшысына 3 факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабы 11 -тармағының 2 тармақшасына сәйкес 3 әкімшілік іс қаралып, 108 мың 225 теңге айыппұл салынды.

Жергілікті атқарушы органдардың 620 мүгедектің құқықтарын бұзып, «Мүгедектер күніне» орай алынатын бір жолғы әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін заңда көзделмеген артық құжаттар сұратып, нәтижесінде көрсетілген топтағы азаматтардың қосымша уақыт және қаржы шығыстары жұмсағаны белгілі болды. Қаралған ұсыну нәтижесімен артық құжаттарды сұрату тәжірибесі тоқтатылып, 3 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жер туралы заңнаманың сақталуы бойынша 2 наразылық келтіріліп, қанағаттандырылды. 21 құқықтық акті заңға сәйкестендірілсе, 4 ұсыну қаралып, 15 тұлғаның құқықтары қорғалып, бюджетке 1 миллион 247 мың теңге жер төлемдері өндірілді және 9 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 4 қызметкерге (аудан әкімінің орынбасары, аудандық жер қатынастары бөлімнің басшысы, Аққыстау және Тұщықұдық ауылдық округтері әкімдері) Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін «қызметіне толық сәйкестігі емес туралы ескерту» жарияланды.

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Аслан МҰРАТҰЛЫ

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru