шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Шет тілін білу – заман талабы

Шет тілін білу – заман талабы

Қазіргі уақытта ағылшын тілін жетік меңгеру әр адамның білімділігінің және табысқа жетудің кепілі болып саналады.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы Жолдауында «Қазақстандықтардың болашағы - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде» деп атап көрсеткен болатын. Жолдауды жүзеге асыру жолында «Нұр Отан» партиясы тарапынан қолға алынған жаңа жобалардың бірі жастардың бойындағы қабілеттерін толық аша отырып, ағылшын тіліне машықтану, заманға лайық тұлға қалыптастыруға арналған. Осы бағытта 20 қыркүйек – 20 қараша күндері аралығында мектебімізде "Нұр Отан" партиясының қолдауымен "English for jastar" жобасы қанатқақты режимде жүргізілген-ді. Жобаның басты мақсаты - оқушыларды ағылшын тілін меңгеруге баулу және қарым-қатынас машығын жақсартуға жәрдемдесу.

Қазір не көп? Әрине, ағылшын тілін үйрететін үйірмелер жетерлік және оған төлейтін баға таңдай қақтырады. Ал, бұл жобаның басты ерекшелігі - үйренем деген балаға оқу - тегін. Жоба басталмас бұрын мамандар оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тест өткізіп, нәтижесі бойынша қатысушылар екі деңгейде білім алды: "Elementary" және "Preintermediate". Мен бұған дейін "Elementary"-ді жетік меңгеріп шыққан болатынмын. Бұл жоба нәтижесінде тағы бір деңгей - "Preintermediate"-ті артта қалдырдым.

Жоба барысында ағылшын тілін тек теория жүзінде меңгеріп қана қоймай, тәжірибемен алмастырып, бір-бірімізбен тілдесіп, қызықты ойындар ойнадық. Сонымен қатар шетелдік фильмдерді, ешбір аудармасыз, ағылшын тілінде көріп, тілді меңгеру аямыз кеңейді. Соның бәріне септігін тигізген маман Қайралиева Балбөбек Қайратқызы оқушылармен тез тіл табысып, бар білгенін бөлісті. Бізбен қоян-қолтық жұмыс атқарған өз ісінің хас шебері дегенге еш шүбә келтірмеймін. Осындай жобаны ұйымдастырып, оқушылардың ағылшын тілін тегін, ең алдымен, сапалы меңгеруіне қолдау көрсеткен "Нұр Отан" партиясына және Балбөбек Қайратқызына алғысымыз көп. Алдағы уақытта да жоба жалғасын табар болса, заман талабына сай ағылшын тілін меңгеруге қызығушылығы жоғары оқушылар жетерлік.

Арсен САҒИДУЛЛИН,

Аққыстау орта мектебінің 10 «ә» сынып оқушысы,

«English for jastar» жобасының қатысушысы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru