шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Жасөспірімдер жайы –  басты назарда

Жасөспірімдер жайы – басты назарда

«Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суициалды мінез-құлықтың алдын алу» бағдарламасын жүзеге асыру үшін облыс әкімі орынбасарының бекітуімен іс-шаралар жоспары жасақталып, сол жоспар бойынша мектептерде жұмыстар жүргізілуде.

Өткен 2017-2018 оқу жылында біршама жұмыстар атқарылды. 2018-2019 оқу жылында да бағдарлама жалғасуда. Ауданның барлық 10 орта, 1 негізгі мектебінің 20 педагог-психологі 2018 жылдың тамыз айында «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суициалды мінез-құлықтың алдын алу» бағдарламасы аясында «Терапевтік альянстағы қарым-қатынас дағдылары» тақырыбындағы практикалық оқудан өтті. Практикалық оқуға қатысуға дейін барлық педагог-психологтар онлайн режимінде тестіден өтті. Мектептегі барлық педагогтар мен қызметкерлер 3 кезеңнен тұратын оқудан өткізіліп, түсіндірілді.

Оқудан өткен қызметкерлерді «Сақшылар» деп атайды. Олар жан күйзелісінде жүрген жасөспірімдерді анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ бағдарлама аясында 8-11 сынып оқушыларының ата-аналарына таныстыру жұмыстары жүргізілді.

2018 жылдың қараша айынан бастап «Білім қоры» қоғамдық қорының ұсынысымен «Денсаулық және өмірлік дағдылар» тренингтік курсы 9 сынып оқушыларымен 34 сағат көлемінде сабақтан тыс тәрбие сағаты есебінде жүргізілуде. Мақсаты – үлкен өмірге шығатын жасөспірімдердің өмірге деген қабілетін арттыру. Тренинг өткізетін педагог-психологтар дайындықтан өтіп, әдістемелік материалдармен қамтылды. 8-11 сынып оқушыларына адамгершілік–рухани құндылықтарды қалыптастыруға және оқушылардың аутодеструктивті, девиантты мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған. «Ал, сен агрессияңды қалай жеңесің?», «Өмір сүру» тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілді. Осы көрсетілімдердің тиімділігі жасөспірімнің ішкі ресурстарын оятуға, агрессиядан құтылу жолдарын көрсетуге, үйретуге және өмірлік қиын жағдайларды жеңуге негізделген. Бұған дейін оқушыларға сауалнама өткізілсе, көрсетілімнен соң эссе жазып, соңынан қорытынды талдау жасалды.

Әлия ФАЗЫЛОВА,

аудандық білім бөлімінің әдіскері.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru