шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Нұрасыл – халықаралық турнир жеңімпазы

Нұрасыл – халықаралық турнир жеңімпазы

26-28 қазан күндері аралығында Ресейдің Саратов қаласында дзюдодан 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өткен болатын.

Бұл жарыста 350-ге тарта спортшы бағын сынады. Өзге мемлекеттер мен еліміздің әр өңірінен палуандар қатысқан турнирде ауданымыздан Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Нұрасыл Әнесов те күш сынасқан еді. 55 келі салмақ дәрежесінде белдескен жас палуанымыз жалпы 5 кездесу өткізіп, оның барлығында да қарсыластарын қапы қалдырып, жеңіске жетті.

Осылайша халықаралық турнирде өз салмағының чемпионы атанған шәкіртіміз ауданымыздың абыройын асырды. Нұрасылды жеңісімен құттықтап, алда да үлкен биіктерден көріне беруін тілейміз.

Берік ХАМЗИН,

дзюдо бөлімінің жаттықтырушысы.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru