шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Қамысқалалық ұстаздар командасы ауыл әкімі кубогін иеленді

Қамысқалалық ұстаздар командасы ауыл әкімі кубогін иеленді

Ақпан айының 1-і күні "Нұр Отан" партиясының 20 жылдығына орай, бұқаралық спортты насихаттау, мекемелер арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Х.Ерғалиев ауылында "Қамысқала" бастауыш партия ұйымының топтары арасында волейболдан ауыл әкімі кубогі турнирі өтті.

Жарысқа округке қарасты мекемелердің барлығы да ерекше дайындықпен белсене қатысты. Ойын қорытындысы бойынша Ғ.Мəсəлімов атындағы орта мектеп ұжымы І-ші орынды жеңіп алып, "Əкім кубогінің" иегері атанса, ІІ-ші орынды Новобогат саз мектебі ұжымы еншіледі. Ал, ІІІ-ші орынды Новобогат орта мектебі командасы иеленді.

Жеңіске деген жігері үшін Қамысқала ауылдық округінің əкім аппараты, Новобогат ауылдық Мәдениет үйі, "Айжұлдыз" жəне "Аққу" бөбекжай-бақшалары алғыс хаттармен марапатталды. Ауылдық округтің спорт маманы Ербол Ануарбекұлының айтуынша, аталған жарысты әртүрлі спорт түрлерінен жыл сайын өткізу жоспарға алынып отырған көрінеді.

Өз тілшіміз.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru