шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Жаттықтырушы  жылдық жалақысын  қайтарып бермекші

Жаттықтырушы жылдық жалақысын қайтарып бермекші

“Алексей алтын алады деп жоспарлаған едік. Тактикадан шатастық! Маған жалақыны кімнің төлегенін біліп алған соң сосын жылдық айлығымды өздеріне қайтарып беремін” дейді Полторанинның жаттықтырушы Мати Алавер.

Мати Алавер «Алексей медаль алмаса, осы маусымдағы барлық айлығымды қайтарамын» деп өз сөзінен тұтылды. Сенген спортшысы 50-шақырымдық жарыста 15-ші боп, мәреге әрең жетті. Салдарынан, Галышевадан кейін Полтораниннан медаль күткен мыңдаған жанкүйердің еңсесі түсіп қалды. Есесіне, өзі айтқандай, қоладан бөлек, Қазақстанның қанжығасы Алавердің бір жылдық айлығына майланғалы тұр. Оңтүстік Кореядан қайтып келген соң бас бапкер былтырдан бастап тапқан табысын түгел қайтарып бермек. Ал алтыннан үмітті болған Полторанин болса, жарыстан соң тілшілермен тілдесуден бас тартты. Оның орнына сөйлеген бапкер «Алексей асықпағанда, үшінші орын алар еді» депті. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Бапкердің айтуынша, шаңғышы бірінші айналымда тым ширақ қимылдап, салдарынан шешуші сәтте шаршаңқырап қалды. Алайда, мақтаулы спортшы үшінші орын тұрмақ, үздік ондыққа да ене алмады.

Естеріңізге салсақ, жалпы, Алавердің бәстесуден ұтылуы бірінші емес. Эстония құрамасын жаттықтырып жүргенде спортшысы - Андрус Ваэрпалу допинг қолданған жоқ деп, ақыры басшылық қызметінен кетіп тынған болатын.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru