шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Қыздар түсті сайысқа

Қыздар түсті сайысқа

Өткен аптада аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған волейболдан әйелдер арасында аудандық біріншілік өткізілді. Оған Абай, Х.Нәубетов, Ж.Мырзағалиев атындағы, Аққыстау, Өркен орта мектептері және аудандық емхана, «Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасы командалары қатысты. Қызықты да тартысты өткен ойында Х.Нәубетов атындағы орта мектеп бірінші, Абай атындағы орта мектеп екінші, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп үшінші орынды алса, осы мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Надежда Хасанова «Спорт ардагері», аудандық емхана қызметкері Дина Айдарбекова «Үздік қорғаушы», Х.Нәубетов атындағы орта мектептің қызметкері Шынар Қапарова «Үздік шабуылшы» номинацияларымен марапатталды.

Артур ҚИБАШЕВ, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru