шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Месси ес жиды енді олар француздармен кездеседі

Месси ес жиды енді олар француздармен кездеседі

Санкт-Петербор қаласында Нигерия мен Аргентина құрамалары кездесті.

Месси алаңға ерекше күш-жігермен шыққан. Өйтпеске амал қайсы? Сүреңсіз ойын Марадонаның отандастарын ауылына қайтаратын еді.
Банеганың 30-40 метрден алға асырған пасын мүлт жібермеген ол 14-минутта қорғаушыны алдап өтіп, оң қанаттан қақпа бұрышын дәл көздеді. 27-минутта қақпашымен жеке дара шыққан Игуаинның гол соғуына Узохо мүмкіндік берген жоқ. Бес минут өтер-өтпесте айып алаңына таман Ди Марияны нигериялықтар шалып жықты. Месси тамаша орындаған айып добы Узохоның саусақ ұшына тиіп барып, қақпа жақтауынан кері қайтты. Екінші тайм басында бұрыштамадан берілген доптан кейін Джюнейт Чакыр Аргентинаның ең тісқаққан футболшыларының бірі Хавьер Маскерано өз айып алаңында Леон Балогунды құшақтап құлатқандықтан, 11 метрлік пенальти белгіледі. 51-минутта лондондық «Челсидің» намысын қорғайтын Виктор Мозес мүлт кеткен жоқ. Есеп - 1:1.
Аргентиналықтар алға ұмтылғанымен, нигериялықтар қарымта шабуылға шығып отырды. 75-минутта Ахмед Мұса сол қанаттан айып алаңына доп асырды. Екінші таймда алаңға шыққан Одион Игало қақпаны дәл көздей алмады. Доп аргентиналық Маркос Рохоның қолына тигенімен, төреші бұл жолы бейнеқайталаудан кейін пенальти белгілеуді құп көрген жоқ. 83-минутта Игалоның соққысын Армани қайтарып үлгерді. Барын салған аргентиналықтар 86-минутта дегеніне жетіп, Крис-тиан Павонның оң қанаттан берген пасынан кейін орталық қорғаушы Маркос Рохо қақпа бұрышын дәл көздеп, есепті 2:1-ге жеткізді. Сөйтіп Мессиі бар аргентиналықтар Нигерияны тізе бүктіріп, жолдаманы жеңіп алды. Бұл топта Дондағы Ростовта Исландия мен Хорватия құрамалары кездесіп, онда хорватиялықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша «D» тобынан 9 ұпаймен озып шыққан Хорватия плей-офф кезеңінде «С» тобында екінші орынды иеленген Даниямен алаңға шығады. Ал Аргентина «С» тобында үздік атанған Франциямен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

 

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru