шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Пробациялықтар ойын алаңында

Пробациялықтар ойын алаңында

Пробация қызметі тобы қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғаларды қоғамға бейімдеп, қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында әртүрлі тәрбиелік мәні бар іс-шараларды жүзеге асыруда.

Осыған орай, Конституция күніне арналған аудандық пробация қызметі тобының инспекторлары және аудандық ІІБ ЖПҚ-нің қызметкерлері бірлесіп, аудандық пробация қызметі тобының есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың қатысуымен аудандық орталық стадионда кіші аяқ доптан жарыс ұйымдастырды.Жарысқа аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлері, пробация қызметі тобының инспекторы және аудандық пробация қызметі тобының есебінде тұрған сотталған тұлғалар қатыстырылды. Аталған жарыста ерекше ойын өрнегімен көзге түскендер «техникалық шеберлігі үшін», «үздік қақпашы», «үздік қорғаушы», «үздік шабуылшы» мадақтамаларымен марапатталды.

Есет ТАУГИСТАУОВ,

аудандық пробация қызметі тобының инспекторы

әділет кіші лейтенанты

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru