шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Батырымызды бағаласақ етті...

Батырымызды бағаласақ етті...

Жақында өткен бір тойда асаба өзімен қатарлас бір жігітті «салың суға кетіп, Канелоден таяқ жеген Головкинге ұқсап, жуасып, сылбырайып қалыпсың ғой» деп әжуа қылды.

Залда отырғандардың бірқатары әлгі сөзге күлісіп жатты, ал кейбірінің «мынау не деп алжасып тұр Головкин қазағымыздың атағын төрткүл дүниеге паш етіп, әлемдік ареналарда еліміздің көк байрағын желбіреткен жоқ па?» дегендерін естідік. Алайда, онысын орнынан көтеріліп айта қоймады. Айтамын дегендерге тойдың өтуіне әсер етер деген оймен басу айтқандар да болды. Осы бір мақаланы жазуыма екі-үш көрініс себеп болды. Біріншісі: әлеуметтік желіден бір бүлдіршіннің: «Әке, Головкин жеңіліп қалды» деп жылап, кейін «ол жеңілген жоқ» деп сәбилік кіршіксіз аппақ ниетімен қайғырғаны. Екіншісі, Головкиннің алғашқы жекпе-жегінде теле-экранды көріп отырған үлкен кісінің: «Айналайын-ай, еліміздің атағын бір шығардың-ау, осы бір сары бала қазақтың шапанын бір тастамайды, өркенің өссін!» деп, бата бергеніне куә болғанбыз. Отыздың үстінде шаршы топта қарсыласын жер қаптыра жеңген елдің баласының бір жеңілгенде бүкіл жетістіктерін жоққа шығарып, той-топырда мысқылға айналдырып мазақ қылсақ, біздің елдігіміздің не болғаны? Америкалық атақты боксшы Тайсон «жеңілістің ащы дәмін татпаған боксшы боксшы емес» деген екен. Адам баласынының жолы ешқашанда тақтайдай тегіс болмаған, сары баланың Қазақстанның Көк Туын жеңіс тұғырына көтеріп, әлі талай желбіретуіне тілектес болайық, ағайын! Дана халқымыз: «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер» дейді екен. Басқа басқа, қазақтың жақыны жеңсе қуанып, сүрінсе демеу болар кеңдігін неге бойымызға сіңірмеске? Ұлттың ұлыларын ұлықтай жүрейік те...

Мұрат БЕКТЕНОВ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru