шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Тұщықұдықта қойды қорадан қырып кетіпті

Тұщықұдықта қойды қорадан қырып кетіпті

Бүгін редакциямызға Тұщықұдық ауылының тұрғыны Байболат Шатековтің қорада тұрған 8 бірдей қой-ешкісінің қырылып қалғандығы туралы хабар жетті.

Осы түнде болған жайсыз хабарды ести сала, оқиғаның анық-қанығын білмек болып мал иесіне қоңырау шалдық.

–Қой-ешкісі бар, бас-аяғы 11 жандығымызды арнайы бақташы бағатын, – дейді Байболаттың зайыбы Назгүл Ибрайымова. – Кеше кешкісін бақташымыз малды өрістен түгендеп әкеліп, қораға кіргізді. Несін жасырайық, мал төлдейтін уақыт болмағандықтан, арасында болмаса үнемі түнде шығып жандықтарды қадағалап жүргеніміз жоқ. Таңғы сағат 6-шамасында қора жақтан ыңырсыған малдың дыбысы естілді. Барып жағдайды көргенімде зәрем зәр түбіне кетті. 8 жандықты тамақтап кетіпті, әлгі дауыс өле алмай жатқан біреуінікі екен, –дейді ол.

Малды талаған қасқыр ма, әлде ит пе, ол жағы беймәлім. Назгүл Ибрайымованың айтуына қарағанда ауылда қаңғыбас иттер көп екен. – Ауылда қараусыз, қаңғып жүретін иттер азаймай тұр. Тіпті, осы жазда малға шауып жүрген жабайы иттерді әрең қуғанымыз бар. Бұл мәселені ауылдық округ мамандарына да көтерген едік. Олар «қаңғыбас иттерді атып жатырмыз» дейді. Бірақ, ит атып жүрген адамды көргеніміз жоқ, - дейді мал иесі.

Тиісті орындарға хабар берілді. Ендігі жұмыс - солардікі.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

Суретті түсірген Әйгерім ҚҰБАЕВА.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru