шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно
Исатай батыр Жәңгір ханды неге шаппады?

Исатай батыр Жәңгір ханды неге шаппады?

1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасы мен Кіші жүздің батыс бөлігін дүр сілкіндірген көтеріліс көсемі Исатай батыр Тайманұлының хан ордасын қалың қолымен қоршап тұрып, ақыры шаппауын оның аңғалдығына, алданып қалғандығына саятын пікірлер аз емес.

Алайда белгілі исатайтанушы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарихшы-профессоры Амангелді Шамғонов басқаша пікірде.

«Ақылды, байсалды, ұстамды Исатай батыр Жәңгір ханның патша өкіметі әскерін шақыртуы мүмкін екендігін, патша әскері ханға көмекке келген жағдайда көтерілісшілердің оларға қарсы қояр үйретілген әскері де, қару-жарақтары да жоқ екендігін, оған қоса патша әскері келсе ақ-қара, бала-шаға, кәрі деп қарамай, бейбіт, қарусыз елді қырып-жойып, барын тартып әкететіндігін ескеріп, халық талабын ханға тек айбармен, қысыммен орындатуға әрекет жасайды», – дейді ол.

Профессор бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, академик Зұлхарнай Алдамжаровтың «Оның (Исатайдың) негізгі мақсаты – ханның басын алу емес еді, екіге бөлінген қазақты өзара қантөгіске жібермей, хан-сұлтанға қысым жасап және хан жағында жүрген аталастарын да өз ықпалына көндіріп, патшалық басқару жүйесінен алшақтатып, көтерілісті біртұтас ұлт-азаттық күрес арнасына бағыттауға талпыныс еді» деген пікірін де келтіреді.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru