Дана - тағы да алда

Өткен сенбі күні Атырау қаласында халықаралық "Таңғы шұғыла" фестиваль-конкурсы өтті. Әр өңірден жиылған талантты жастардың басын қосқан байқауға ауданымыздың да өнерлі өрендері қатысты.

Нәтижесінде Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінен Әлия Сұлтанова жетекшілік ететін домбыра сыныбының оқушылары Мөлдір Ержанқызы, Айдын Мұратбекұлы үшінші, Дильназ Темірбек, Азамат Темір, Рита Рамазан екінші, Валерия Булекбаева бірінші орындарды иеленді. Сондай-ақ, сырнайшыларымыз Азамат Зайдолла екінші, Шынасыл Қама 1-орынды еншілеп мерейімізді өсірсе, эстрадалық ән жанры бойынша бас жүлде және Түркия еліне жолдама аталған саз мектебінің мұғалімі Альбина Мидардың шәкірті, Аққыстау орта мектебінің оқушысы Дана Мажитоваға бұйырды. Енді Дана маусым айының 20-28 аралығында ел намысын Түркия мемлекетінде өтетін байқауда қорғайды. Естеріңізге салайық, Дана алдыңғы аптада да белгілі ән жобасының бас жүлдесін иеленіп, келесі республикалық кезеңге жолдама алған болатын.

Серікбол Панабердиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521