шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Дәстүрлі әндер қалықтаған кеш

Өткен аптада «Жалын» мәдениет үйінде дәстүрлі әннің қаймағын бұзбастан бізге жеткізіп, кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдырған Қазақстанның Халық әртісі, әнші, сазгер Ғарифолла Құрманғалиевтың туғанына - 110 жыл, ән мен әңгіменің мәйегін тұтастыра көз алдыңа сурет қып жеткізе білген жазушы, өнер зерттеушісі әрі дарынды әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменовтің туғанына 70 жыл толуларына арналған «Алаштан ән оздырған бабаларым» атты ән кеші өткізілген-ді.

Кешті республикалық дәстүрлі әндер байқауларының бірнеше дүркін лауреаты, өңірімізге белгілі танымал әнші Манарбек Дәулетов ашып, бастан-аяқ өзі жүргізіп отырды. Ән түгіл қара сөзге де дес бермейтін жүйрік Манарбек ағаның жүргізген ән кеші кім-кімді де сүйсіндіргені анық.

-Қадірлі әнсүйер халайық. «Ел іші-өнер кеніші» дегендей, күні бүгіндері ел ішінде ертеректе үйіміздің қабырғасында ілулі тұратын кішкене ғана қобдиша радиодан Ғарифолла ағамыздың үнін естіп, соған елітіп, әнін тыңдап, үйреніп, осы мезгілге дейін жанына серік етіп жүрген ағаларымыз, апаларымыз баршылық. Біздің бүгінгі ән кешіміздің мәні мен мақсаты сахна төрінде өнер көрсететін өнерпаздарды сынау немесе жарыстыру емес, керісінше, ұрпақ сабақтастығы алдыңғы буын өнер насихаттаушы үлкендер мен кейінгі өсіп келе жатқан шәкірт жас-тарымызды таныстыру, табыстыру. Сонымен бірге даңғаза, кейде дарақылыққа жеткізер ән мен әуеннің ұштаспай, сахна төріне жеңіл-желпі дүниелерді алып шығып, халыққа ұсынылатын, «күйдім-сүйдім», «өртендім-жандымнан» гөрі бабалар бізге аманаттаған дәстүрлі ән-жыр, терме өнерін хал-қадірімізше кейінгі өскелең жас ұрпаққа дәріптеу.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru