"Мынауың пысық екен" Мәдина Сәдуақасованы аққыстаулық бала таңғалдырды

Мәдина Сәдуақасова Аққыстауға күнде келіп ән шырқай бермейді. Соны білген үлкен-кіші бейсенбінің кешінде аудандық "Жалын" мәдениет үйіне ағылды дейсің. Алайда, тайлы-тұяғымен қаумалай жетіп, концерт залын толтырған көрерменнің әншіні қабылдауы өзіне ұнай қоймаған сықылды.

"Мен сіздерді тіпті сезбей отырмын, жұмыстан шаршап келдіңіздер ме, жоқ, әлде, аудандарыңыздың әкімінен қысылып отырсыздар ма?" деген Мәдина залдағы жарықты қосуды сұрап, көрермендермен ескі танысындай тілдесе жөнелді. Тіпті пысықтау бір-екі баланың сахнаға шығып, шырқаған әніне билеп беруін өтінген. Олардың бірінің биі мен өзін еркін ұстауына таңырқаған Мәдина Сәдуақасова "Мынауың пысық бала екен" деп таңырқады. Онымен қоймай, сөйлетпек болып: "Красавчик екеніңді біліп тұрған шығарсың?" деген. Оның бұл сөзіне Арсен есімді әлгі бала "Білгесін шығып тұрмын ғой" деп, жиылған жұртты да, Мәдинаны да ду күлкіге батырды. Одан әрі концерт көңілді өтті.

Ара-арасында жергілікті әншілер Әділбек Жұмашев пен Дана Мәжитова ән шырқады. Әсіресе, Дананың өнеріне тәнті болған эстрада жұлдызы оны деңгейлі додаларда бақ сынауға шақырды. "Дананың болашағы бар. Не деген талант? Оны жақсы жобаларға жіберу керек қой. Үн десе, үні, түр десе, түрі бар. Ағылшынша әнді де тәуір орындап тұр. Әдепті, сұлу қыз" дейді Данаға сүйсінген Сәдуақасова.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521