шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тіл Заңын сақтап жүрміз бе?

Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудан орталығында Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңындағы 21-бабының орындалу барысын зерделеу, әдістемелік көмек көрсету үшін арнайы жұмысшы тобы құрылып, ірі сауда орындарында қоғамдық акция өткізді.

Сыртқы көрнекі ақпараттарда еліміздің «Тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдары талаптарының сақталуын бақылауды мақсат тұтқан акцияда құрамында аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық ардагерлер ұйымы, жастар ресурстық орталығы, «Нарын таңы» газеті редакциясы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы өкілдері бар жұмысшы тобы «Ақторғын» сауда орталығы, «Арай» мейрамханасы, «Ас болсын» дәмханасында және «Исатай аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде болып, деректемелер мен көрнекі ақпараттардың дұрыс жазылуы бойынша кәсіпкерлерге кеңестер берді.

Жұмысшы топ мүшелері кәсіпкерлерге негізінен ҚР «Тіл туралы» Заңының 21-бабын әрдайым есте сақтау қажеттілігін ескертті. - Бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері, басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік және орыс тілінде, қажет болған жағдайда басқа тілдерде жазылады. Көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мемлекеттік тілде - сол немесе жоғары жағына, орыс тілінде оң немесе төмен жағына орналасады және олар бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттілігіне қарай көрнекі ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін. Бұл жағдайда қаріп өлшемі нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауы тиіс, - деді аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Махмудов.

Айта кетейік, бұндай қоғамдық акция ауданда жоспарға сәйкес ай сайын өткізіліп тұрады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru