Жарайсыңдар, жеті сері!

Жыл сайын облысымызда «Өнерімді еліме арнаймын» атты көркемөнерпаздар байқауы өткізіліп келеді.

Аталған байқауға Исатай орта мектебінің намысын қорғау үшін «Ұлдар» вокалды тобы да қатысқан еді. Аудандық өнер додасында жүлдегер атанған «Ұлдар» вокалды тобы облыстық бәсекеге жолдама алған болатын. Енді міне, облыстан да үздік деп танылып, ауданымыздың мерейін бір асқақтатты. Құрамында Т.Азербаев, Р.Құрметов , С.Қобыланды , М.Насыров , А.Сахибеденов, Р.Төлеген, Ә.Мүсілов бар оқушы өнерпаздарды жастайынан өнерге баулып, қанаттарын қатайтып келе жатқан Сара Бисенқызы Исатай орта мектебінде саз пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол – еңбек еткен жылдары ішінде талай шәкірттерді өнерге баулыған жан. Сол еңбегінің нәтижесінде көптеген шәкірттері тек аудан, облыс- та ғана емес, республикалық, халықаралық фестивалдерге де қатысып, жүлделі орындармен оралып жүр. Ендеше әншілікті серік еткен өнерпаз оқушыларымызға өнер әлемінде үлкен жетістіктерге жетуіне шығармашылық табыс тілей отырып, қанаттарың талмасын деп тілек тіледік.

Мағрифа АШЫҚБАЕВА,

Исатай орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521