шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Отбасы құндылықтары дәріптелмек

«Қазақ халқы қашан да отбасын қасиетті шаңырақ ретінде бағалап, зор мән берген, көзінің қарашығындай қорғаған. Отбасының ар-намысын сақтауға, ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуге, өз ұрпағының елге адал қызмет етуіне аса көңіл бөлген. Отбасы - алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Осындай дәстүрлі құндылықтар қазақтың қаймағы бұзылмаған Нарын өңірінде ерекше сақталуы заңдылық болуы тиіс.

Сонау 2012 жылы Елбасының Жарлығымен бекітіліп, 2014 жылы ел Үкіметінің қаулысымен рәсімделіп, ел ішінде өткізіле бастаған «Мерейлі отбасы» ұлттық жобасы биыл 6-рет өңірімізде өткізілгелі отыр. Осы орайда әр ауылдық округтен шыққан отбасылар бірінші кезекте аудандық, одан облыстық, егер жолы болып жатса, республикалық байрақты бәсекеде өлке намысын қорғайды. Ол үшін сайысқа қатысушы отбасылар ел мақтаған, бедел-абыройы бір басына жетерлік, тиісті салаларда ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған, ұрпақ өсіріп, оларды күтіп-баптап, оқытып, үлкен өмірге қанаттандырған үлгілі жанұялар болғаны абзал. Әйтпесе облыстық болсын, республикалық болсын сайыс-тарда сайдың тасындай іріктелетін өзге аймақтардан келген қатысушыларға иық тіресе отырып, лайықты қарсылас бола алмай қалуы да бек мүмкін ғой. Сондықтан осы мақсатта ауылдық округтердегі аталған сайысқа қатысып жатқан отбасылардың талапқа сай болуын қадағалайтын аудандық комиссия бар. Оған әр саланың өкілдері енгізілген. Міне, сол комиссия мүшелері бірнеше күннен бері ауылдарға шығып, аудандық сайысқа қатысушыларға баға беріп жүр. Әзірге, Исатай, Забурын, Аққыстау, Қамысқала, Тұщықұдық, Нарын ауылдық округтері өткізіп, ауданға баруға лайықты отбасыларды таңдап, толықтай ауылдар қамтылған соң шешуші сайыс аудан орталығында өткізілмек.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru