Сән салондары - халық игілігіне

Аудан орталығында орналасқан сән салондар саны бұнымен шектелмеді. «Әлима» халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орталығы мен «Дария» сән салонының да өзіндік ерекшеліктері бар.

Кәсіпкер Тұрсынгүл Ниғметова 2009 жылы аталған орталықта тегін шеберханасын ашып, қазіргі уақытта онда 3 адам қызмет етуде. Тігін шеберханасынан бөлек қыз-келіншектерге арналған шашты сәндеу, тырнақ, бетті әрлеп, кірпік қондыратын өз ісінің шебері атанған жастар жұмыс жасап жатыр. Тек ер-азаматтардың шашын алатын шеберлері, тіпті, арнайы сылаушы, уқалаушының да бөлмесі бар екен.

Ал, «Дария» сән салонының иесі Тұрсынгүл Булекованың дәл осы атаумен аталатын азық-түлік дүкені бар. Жеке кәсіпкер салонды ашып бергені болмаса, онда қызмет алу үшін ғана барады екен. Салонда басым көпшілігі - жан-жақты тәжірибе жинаған шаштаразшылар. Екі салонда да қызмет етушілер өз қызығушылықтарына қарай таңдаған кәсіптің қыр-сырына әбден қанық дерсің. Әрбірінің жұмысқа икемділігін есіктен кіргеннен-ақ байқауға болады. Бастысы ғимараттарда бірнеше бөлме болса, барлығы да бос емес. Әркім хал-қадірінше тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Әйгерім Құбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521