АУДАН ӘКІМІ ДАУЫС БЕРДІ

Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев те бүгін Аққыстау орта мектебі ғимаратында орналасқан №133 учаскелік сайлау комиссиясына келіп, жүрек қалауымен өз дауысын беріп, таңдауын жасады.

Қарапайым халықпен бірге кезекке тұрып, олардың сайлау күнгі көңіл-күйлері мен саяси шараға деген көзқарастарын сұраған аудан әкімі "Мен сайлаудың ашық және Қазақстан заңнамасына сәйкес өтетініне сенімдімін. Исатайлықтар өзінің балалары мен немерелері, тұрақтылық пен өркендеу үшін дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын" деді.

s

Сайлаудың қандай нәтижемен емес, әділ әрі қауіпсіз өтуіне тікелей жауапкершіліктегі аудан басшысы сайлау процесі кезінде шараға бақылау мен байқау жүргізетін еріктілерге және алыс-жақын шетелдерден келетін тәуелсіз сарапшыларға әрқашан да киелі өңір есігінің ашық екендігін де баса айтты.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 9 маусым, Қазақстан Республикасында Президент сайлауы өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда 11 миллион 947 мың 995 адам дауыс беруге құқылы. Алдын ала сайлау қорытындысы түнгі сағат он екілерде шығады деп жоспарлануда.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521