Шетелдік нөмірмен жүре алмауыңыз мүмкін

«Kolesa.kz» сайтының хабарлауынша, заңнамаға Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстанға кіргізілген автокөліктердің тіркелуін міндеттейтін өзгерістер енгізу жоспарлануда. Олар қабылданған жағдайда шетелдік нөмірдегі көліктер қатаң бақылауға алынады.

Еуразиялық одаққа мүше елдерден келген автокөліктердің біздің елге еркін кіре бастағанына бір-екі жыл болды. Бірақ осы аз ғана уақыт ішінде туындаған мәселе жетерлік. Тәжірибе көрсеткендей, біздің елде жүрген өзге мемлекетте тіркелген көліктер негізінен армениялық, ресейлік және қырғыз көліктері. Бүгінде олардың біразын отандастарымыз тізгіндеп жүр. Олардың ішінде жол ережесін елемейтіндер мен апатқа түскендері қаншама? Ал, ең бастысы аталған көліктер қылмыс әлемінде кеңінен қолданылады екен.

ҚР парламент мәжілісінің депутаты Павел Казанцевтің айтуынша, осы жылдың көктемінде Қазақстанның көлік туралы заңнамасына елге кіргізілетін автокөліктердің міндетті түрде тіркеуден өтуін міндеттейтін түзетулер енгізу жоспарланған. Алайда, жұмыс тобының мүшелері бұл мерзімінен бұрынғы өзгерістер деген шешімге келіпті. Сол себепті түзетулер енгізу кейінге қалдырылды және қазіргі таңда оларды ҚР ИИДМ және ІІМ сынды бірқатар министрліктер мен мемлекеттік мекемелер егжей-тегжейлі пысықтауда. Заңнамаға өзгерістер енгізбес бұрын Қазақстан шекарасына кіретін барлық автокөліктерді нақты белгілеп, ЕЭО елдеріндегі көлік құралдары бойынша деректер базасын сәйкестендіру сынды басты мәселелерді шешіп алу қажет.

Түзету бойынша жұмыстарды мәжіліс депутаттары осы жылдың қыркүйегінде қолға алады деген болжам бар.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Сурет: ашық дереккөзден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521