«Мөлдірден» мөлдіреп шығасың

«Сұлулық әлемді құтқарады» деп жатамыз. Расында, бұл қаншалықты шындыққа жанасады?

Әрине, қазіргідей бояудың сан түрі болмаған кезде де әр әйел затының өзіне тән әсемдігі болған. Бірақ, ол кездің нәзікжандылары шынайы келбеттегі сұлулықты сақтай білген. Белгілі ақын-жазушылар сол шынайылыққа қарап тамсанып, таңдай қағып, жырдан маржан тізіп, кестелі сөздерін өріп, талай көріктілерге бас иген. Ал, қазір ше? Қазір «заманына қарай адамы» демекші, көңілің қалаған сұлулық салонына оп-оңай қол жеткізе аласың. Тек қалтаңда қаражатың жеткілікті болсын.

Аудан көлемінде сән салондары баршылық. Десек те, әдемілікке құштар келетін қыз-келіншектер осы қызметті пайдалану үшін кейде қалаға кетіп жатады. Көріп жүргеніміздей, қалаларда сән салондарынан аяқ алып жүре алмайсыз. Бір көшенің бо-йында бірнешеуі орналасқан әр салонның өз келушілері де бар. Мұнымен әлемді жайлаған дағдарыс кәсіптің бұл түріне әсерін тигізбегенін байқауға болады. Әрине, табиғи сұлулыққа не жетсін?! Дегенмен, табиғатынан өзін сұлумын деп санамайтындар әдемі көріну үшін бетін әрлеп, жасанды кірпік пен қас, қысқа шашты ұзартуға дейін баратындар да жоқ емес.

Материалдың толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521