«Аққыстау» «Еуропадан» үшінші орын алды

Жыл басында Атырау қаласында футзалдан қалалық үшінші лига ойындары басталған болатын.

Аталған жарыс облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен өтті. Лигаға қатысушы 22 команда «Еуропа», «Азия» болып екі топқа бөлінді. Құрамында 11 команда өнер көрсететін «Еуропа» тобында жерлестеріміз «Аққыстау» командасы бақ сынады. Айға созылған жарыста аққыстаулықтар да жоғары нәтижеге қол жеткізді. Өз тобында озық өнерімен көзге түскен жерлестеріміз сегіз команданы артқа тастап, үздік үштікті қорытындылады. Ал, жалпылама 22 командадан бесінші орынға табан тіресе, команда ойыншысы Алтынбек Сапаров «Үздік қорғаушы» атанып, аудан футболының осал еместігін байқатты. Осылайша, бір сатыға көтерілген аққыстаулықтар ендігі жылы екінші лигада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Басқа басқа, жігіттердің ынта-жігерлерімен, өз қаржыларымен аталған сайысқа бастан-аяқ, толық құрамда қатысып шығуы, осындай нәтижеге қол жеткізуі спортқа деген сүйіспеншілік, өзара ынтымақ-бірліктің, ұйымшылдықтың арқасы болса керек. Ауданда спорттың бұқаралылығын арттырып тұрған бірден-бір спорт түрі болса, осы – кіші аяқдоп. Бұл сөзімізге аптаның бес күнінде спорт кешенінен шықпайтын үлкен -кіші дәлел. Ал сол аудан командаларының көшін бастап, үздік өнерімен тәнті қылып жүрген осы «Аққыстаудың» спорттың бұл түрін насихаттауда орны бөлек. Сондықтан, командаға демеушілік танытып, қолдау білдіріп қою да қажет секілді. Бұл пікірге тиісті сала басшылары құлақ асар деген ойдамыз.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521