Еркебұлан Азия чемпионатына жолдама алды

Сәуір айының 5-і күні Семей қаласында ересектер арасында самбодан және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

Аталмыш жарыс самбошыларды азия және әлем чемпионатына іріктеп, ел құрамасын жасақтау болып табылды. Бұл сында 57 келі салмақ дәрежесінде ауданымыздың спортшысы Еркебұлан Қуанғалиев ( жаттықтырушысы Асхат Жұмабеков) өнер көрсетіп, 5 кездесу өткізіп, қола жүлдені қанжығаға байлады. Чемпионатта ерекше көзге түскен жерлесіміз Үндістан мемлекетінде өтетін Азия біріншілігіне берілетін жолдаманы да еншілеп қайтты. Естеріңізге сала кетейік, Еркебұлан Исатай ауданы бойынша 2018 жылдың «Үздік спортшысы» атанған болатын. Енді самбошымыздың қазақтың көк туын Азия төрінде желбіретуіне тілектеспіз.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521