Рахат – «Үздік мерген»

Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің баскетбол бөлімінің түлегі, қазіргі таңда облыстық «Атырау барыстары» кәсіпқой клубының мүшесі, резервтік құрамда өнер көрсетіп жүрген исатайлық Рахат Тәукен сәуір айының 14-16-сы күндері аралығында Ресей Федерациясының Магнитогорск қаласында өткен турнирге қатысып қайтты.

Бапкер Ю.Сазановты еске алуға арналған 2002-2003 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында өткен халықаралық ашық турнирде «Атырау барыстары» сапында ойнаған жерлесіміз үшінші орынға қоса ерекше ойын өрнегімен көзге түсіп, «Үздік снайпер» номинациясы бойынша марапатталды. Исатай БЖСМ-де баскетбол бөлімінің жаттықтырушысы Э.Тағатов баптаған спортшы бүгінде «Атырау барыстары» кәсіпқой баскетбол клубының бапкері С.Торғаевтың қол астында жаттығуда.

Серікбол Панабердиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521