Мұхамедалиді «төрешілер жеңді»

Наурыз айының 5-9-ы күндері аралығында Қызылорда облысында 2005-2006 жылы туылған кiшi жасөспiрiмдер арасында батыс аймақтық Қазақстан чемпионаты болып өткен еді.

Бұл байрақты бәсекеде бақ сынаған Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Айдынғали Мұхамедали (жаттықтырушысы Н.Тілекқабылов) мен Алмас Хинекин (А.Өтегенов) жоғары өнер көрсетті. Нәтижесінде 30 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңның шаңын қаққан Алмас Хинекин 2-орынға қол жеткізді. Ал, 36 келі салмақта қай қарсыласын да оңдырмай сабаған Мұхамедалиге бұйырғаны 3-орын ғана болды. Ширек финалда қызылордалық бокс-шыны уақытынан бұрын жеңген ол жартылай финалда да жергілікті спортшымен қолғап түйістірді. Шынын айту керек, ұпай санымен екі раунд бойы алда тұрғанымен, төреші алаң иесінің қолын көтерді. Біз бұны бейнежазба арқылы көрдік.

Енді күміс жүлдегер Алмас мамыр айында Атбасарда өтетiн Қазақстан чемпионатына барады. Жас боксшымыздың ел біріншілігінен де олжалы оралуын тілейміз.

Серікбол БЕРІКБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521