Бұрхан тағы да ел чемпионы атанды

Түркістан қаласында самбо күресінен ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

Аталған байрақты бәсекеде жерлесіміз, Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бұрхан Оралбеков те сынға түскен болатын. Боз кілемде екі кездесу өткізіп, екеуінде де қарсыласының жауырынын жер иіскеткен Бұрхан Қазақстан чемпионы атанып, абыройымызды асырды. Енді ол қазан айында Кипрде өтетін әлем чемпионатында бақ сынайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз былтырғы жылы қазақ күресінен өткен ел біріншілігінде де жеңімпаз атанып, әлем чемпионатына жолдама алған болатын. Палуанымыздың алдағы додаларда да жеңіс тұғырынан көрінуін тілейміз.

Ару ҚИСИМОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521