Жұлдыз – Үздік ойыншы

Жуырда облыстық білім беру басқармасының жоспарына сәйкес ұлттық мектеп лигасы өтті.

Баскетболдан аудандық кезеңнің жеңімпазы, «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының шәкірттері - Аққыстау орта мектебінің қыздар командасы (жаттықтырушысы Ерлан Құрманғалиев) облыстық сайыста да жеңімпаз атанып, Шымкент қаласында өтетін республикалық мектеп лигасына жолдама алған болатын. Облыс намысын қорған қыздарымыз елдік додада барын салды. Аталған лигада өнер көрсетіп, команда арасынан ерекше ойын өрнегімен көзге түскен Жұлдыз Асқарқызы «Үздік ойыншы» атанып, ауданымыздың абыройын асқақтатты. Жұлдыз бастаған баскетболшы қыздарымыздан күтеріміз әлі де алда.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521