Мирас пен Жандарбек – халықаралық турнир жеңімпазы

Мамыр айының 20-22 күндері аралығы Қырғызстан Республикасының Талас қаласында 2005-2006 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен ІІІ халықаралық турнир болып өтті.

Аталмыш турнирге Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен, Астана, Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Түркістан, Шымкент, Қызылорда, Атырау қалаларынан және Қырғызстанның барлық облыстарынан 300-ге жуық спортшылар қатысты. Онда «БАРЫС» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірттері де бақ сынап, 29 келі салмақта Жалғасбайұлы Жандарбек (Өркен о/м), 32 келіде Райымбекұлы Мирас (Х.Наубетов о/м) жеңімпаз атанды. Ал, 35 келіде Ғарифоллаев Әділет (Х.Наубетов о/м) пен 50 келі салмақта Арон Әлішер (Х.Наубетов о/м) үшінші орындарды қанағат тұтты.

Жас спортшылардың жаттықтырушылары - Таукен Равиль мен Құзыров Асланбек.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521