Шахматшылар сынға түсті

Аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 1 сәуір күні «Жалын» мәдениет үйінде шахматтан ардагерлер арасында (ерлер, әйелдер) аудандық біріншілік өткізілді.

Жарыстың ашылу салтанатында аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Құлғалиева сөз сөйлеп, сайыскерлерге сәттілік тіледі. Жарыс қорытындысында әйелдер арасында Э.Рысқалиева (Тұщықұдық) бірінші, А.Бердібекова (Қамысқала), С.Жарлығасова (Аққыстау), А.Усалиева («Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы) екінші, А.Төлегенова (Исатай) үшінші орындарды иеленді.

50 жастан жоғары ерлер арасында С.Мұратов («Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы) бірінші, Қ.Жұбаев (Тұщықұдық) екінші, А.Нәсіпқали үшінші орындарды еншілесе, 60 жас-тан жоғары ардагерлерден Қ.Елешов (Жанбай) бірінші, Е.Қойтанов (Аққыстау), Д.Төлегенов (Исатай) үшінші орындардың иегерлері атанды. Осы жарыстың жеңімпаздары сәуір айының 10-12-сі күндері аралығында Атырау қаласында өтетін облыстық жарыста аудан намысын қорғайтын болады.

Серікбол БЕРІКБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521