Жанбайлық Мысахан Тұрғамбаев кім еді?

Жуырда, ұмытпасам 22 ақпан болса керек, интернеттегі жаңалықтарды қарап отырып «Францияда мәңгіге қалғандар: қазақ сарбаздарының қабірі табылды» деген тақырыпқа кезіктім.

Онда өткен жылдың мамырында Францияда қазақ сарбаздарының қабірі табылғандығы айтылады. «Олардың басқа да мыңдаған қабірден еш айырмашылығы жоқ - ақ крест және есімі жазылған тақтайша. Сарбаздардың қабірінде қашан да гүл жатады, ал жан-жағы қашан да тап-таза. Соған қарағанда, француздар өз азаткер батырларына сол қаһармандығы үшін осылай құрмет көрсетсе керек. Қазақ сарбаздарының жерленгені туралы мәлімет қазақстандық зерттеушілер тобының ғылыми жұмысы нәтижесінде анықталды, - деп хабарлаулы Tengrinews.kz тілшісі.

Тарихи деректерден қазақтар да екінші дүниежүзілік соғыста Францияны азат ету шайқастарына қатысқаны белгілі. Ал олар Францияға қалай жетті? Көптеген сарбаз немістердің тұтқынында болған. Немістер әскери тұтқындарды Еуропаға жеткізген. Тұтқыннан қашып шыққандары партизандарға қосылған. Ақпараттарды жинауда "Мемориал" мәліметтер банкі беттеріндегі мәліметтер көп көмектескендігі де нақтыланған жазбада Валлеруа (Лотарингия) аймағындағы Мец қаласынан 33 шақырым жерде төрт қазақ сарбазының қабірі жатқандығы, олар Зейнолла Әлімғазиев, Қоныспек Жақиянов, Мысахан (Нишан) Тұрғамбаев және Исин (Есен) Жұмағұловқа тиесілі екені анықталғаны айтылады. Сол сарбаздар жайлы келтірілген деректе «Мысахан (Нишан) Тұрғамбаев 1902 жылы 9 мамырда дүниеге келген. Гурьев (қазіргі Атырау) облысындағы Жанбай ауылында тұрған. "Мемориал" мәліметі бойынша, тұтқынға 1942 жылы мамырда Харьковте түскен. 1944 жылы наурызда дүниеден өтті» деп жазылыпты. Осыдан кейін сүйегі Францияда қалған жерлесіміз Мысахан кім болған, қазір ұрпақтары бар ма екен, болса, бұл деректерді олар біле ме деген сауалдар ойымда жаңғыра берді.

Төртеудің бірі Исин Жамалұлы Жұмағұловтың 1896 жылы Қаңбақты ауылында туғаны жөніндегі дерек оның да атыраулық азамат екенін айғақтайды. Жазбада оның 1942 жылдың мамырында тұтқынға түсіп, 1944 жылы ақпанда қаза болғаны айтылған.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521