Мүгедек жандарға жағдай жасалған ба?

Аудандық ішкі саясат және қоғамдық келісім кеңесінің бірлесіп ұйымдастыруымен аудандық қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығын жақсартуға байланысты атқарылған жұмыстар туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Р.Мұханов хабарлама жасады. Оның айтуынша, аудан бойынша күні бүгін 739 мүгедек бар. Оларды тұрақты жұмыспен қамтып, әлеуметтік-психологиялық, медициналық жағынан қолдау бағытында көптеген жұмыстар жүзеге асырылуда.

Мүгедек адамдарға барлық жағдай жасалған ба? Шы¬¬ны керек, мүмкіндігі шектеулі жа¬н¬д¬а¬рдың мұңын көп жағдайда түсіне бе¬рмейтініміз рас. Мәселен, олардың қа¬т¬ы¬¬найтын мекемелер, дүкендер, дә¬рі¬ха¬налар сияқты көптеген нысандарға кірулері үшін арналған пандустар аздау. Барларының өзі та¬лапқа сай емес. Бірі тым биік болса, екіншісі тарлау әрі тайғақ. Ал кейбір мекемелерде пандустар мүлдем орнатылмаған. Осыған орай, шағын бизнес өкілдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп-ақ жатыр. Бұрыннан тұрғызылып қойылғандарға қосалқы түрде пандустар салу қажет. Ал жаңадан салынып жатқан нысандарға пандустар салу міндеттелуде. Бұл құрылыс басталмай тұрып-ақ, жобада қарастырылуы керек. Кейбіреулер пандус дегеніміздің не екенін білмейді.

Аудан бойынша жүру қозғалысында кедергісі бар арбамен қозғалатын адамдар да баршылық. Барлығына жергілікті бюджет есебінен тегін инвотакси қызметі көрсетіліп, қажетті жерлеріне тасымалданады. Бірақ, олар барған жеріне жеткенмен, пандустардың жоқтығынан ішке кіре алмай жатады. Ал аудандық орталық аурхананың басшысы Б.Төлегенді жүйке жүйесімен, құлақ, қан, психикалық, сүйек-буын, несеп-жыныс, туа біткен ақаумен ауыратын балалар саны жылдан-жылға көбейіп бара жатқаны алаңдатады екен.

Қоғамдық кеңесте аудандық жастар ресурстық орталығының басшысының міндетін атқарушы Д.Дүйсенбаев пен аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Р.Қарабалинаның атқарған жұмыстары жөніндегі хабарламалары да тыңдалып, талқыға салынды. Кеңес мүшелері ұсыныс-тілектерін білдіріп, ой-пікірлерін ортаға салды.

Аяпберген САЛИХОВ

Суретті түсірген Ә.ШАРАПИДЕНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521